384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда табиғи апаттан тұрғындар зардап шегуде

  • 231
  • UPD: 16:02, 04.11.2019
Италияда табиғи апаттан тұрғындар зардап шегуде korrespondent.net

Батыс Еуропа жағалауына Амели дауылы соғып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады BFMTV.

Басылымның мәліметінше, желдің екпіні сағатына 163 км-ге жетеді. Дауыл салдарынан 140 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар көлік байланысы үзілген және ағаштар тас жолдар мен темір жолдарға құлаған.

Euronews-тің хабарлауынша, дауыл Италия мен Испанияға да жеткен. Майорка қаласының 37 жастағы тұрғыны қалалық саябақта серуендеп жүргенде қайтыс болған.

Сондай-ақ өзендер арнасынан асып кеткен.

«Мұнда бұрын соңды мұндай су тасқыны болған емес. Тіпті 2011 жылы өзендегі су деңгейі онша көтерілген жоқ. Жол, барлық үйлерді су басты. Мен адамдарды эвакуациялауға көмектесемін», - дейді Сеста Годано қаласының мэрі Марко Траверсоне.

Хабар 24 телеарнасы