378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактың Кербала қаласында Иран консулдығына шабуыл жасалды

  • 197
  • UPD: 09:50, 05.11.2019
Ирактың Кербала қаласында Иран консулдығына шабуыл жасалды

Ирактың Кербала қаласында ереушілер Иран консулдығына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның соңы күштік құрылым өкілдерімен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы 20-ға жуығы жарақат алды. Елшілік ғимаратын қоршауға алған наразы топ Тегеранның Ирактың ішкі істеріне араласуын тоқтатуын талап еткен. Бұдан кейін демонстранттар консулдық аумағына тас лақтыра бастаған.

Айта кетейік, Ирактағы ереуіл өткен айдың басынан бері басылар емес. Халық жұмыссыздық деңгейінің артып, мемлекеттік органдарда жемқорлықтың өршуіне қарсы. Наразы топ премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Елдегі тәртіпсіздіктерден 250-ден астам адам көз жұмып, 11 мың тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы