384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ауаның ластануы салдарынан мектептер жабылды

  • 216
  • UPD: 09:58, 05.11.2019
Үндістанда ауаның ластануы салдарынан мектептер жабылды

Үндістанда ауаның ластануы салдарынан қарашаның 5-іне дейін мектептер жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялады. Жоғарғы сот комиссиясы да Нью-Делидегі барлық құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатып тастады. Мамандар қазір ауаның ластануы қалыпты нормадан асып түскенін айтып дабыл қағып отыр. Ауаның нашарлауына фестивальдегі петарда мен отшашудан шыққан түтін себеп болды. Жергілікті билік дүйсенбіден бастап шаһар көшелерінде екі аптаға автокөліктердің жүруін шектеді. Бұндай шаралар 2016 жылы ауаның ластануын 13%-ке дейін азайтқан болатын.

Айта кетейік, Үндістан әлемдегі ең лас елдердің қатарында.

Хабар 24 телеарнасы