384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина 6,5 млн тонна күнбағыс майын экспорттады

  • 164
  • UPD: 12:55, 05.11.2019

Украина күнбағыс дақылдарының рекордтық өніміне қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәйкесінше, мұндай мол өнім шикізатты қайта өндеу және өндірудің өсіміне сеп болған. Барлық өндірілген өнімнің 90%-ін Украина шет елдерге экспорттайды.

Биыл Украина күнбағыс майының экспортын 15,5%-ке арттырды. 2018 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың тамызы аралығында сыртқы нарыққа жөнелтілген майдың көлемі 6 млн тоннадан асып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Украинаның өсімдік майы әлемнің 90 еліне экспортталады. Дайын өнімнің ең мол көлемі: 30%-і – Еуропа елдеріне, 36%-і – Үндістанға, ал 13%-і Қытай нарығына тасымалданған.

Дмитрий Гордейчук, Украина агроөнеркәсіп нарығы саласының сарапшысы:

- Украиналық өнім Үндістан мен Қытай нарығына белсенді түрде тасымалданып жатыр. Ал Ресеймен Украина арасындағы күрделі қарым-қатынас сауда байланысына кері әсерін тигізді. 2014-2015 жылдардан бері Украинадан Ресейге сауда тоқтап тұр. Украина өндірушілері бұл нарыққа арнап бизнес жоспар құрмайды.

Атап өту керек, Қазақстан да өткен жылы күнбағыс майының экспортын бірден 35,1%-ке арттырған. УкрАгроКонсалттың ақпаратына сай, тек соңғы 5 маусымда қазақстандық күнбағыс майының экспорты 25-28 мың тоннадан 75-80 мың тоннаға дейін өскен. Мамандар «өсімдік майына сұраныс арта береді» дегенді айтады, оған бірнеше фактор сеп.

Дмитрий Гордейчук, Украина агроөнеркәсіп нарығы саласының сарапшысы:

Украинда егін алқаптары мен шикізат өнімділігін үнемі арттырып отыратын дақылдың үш түрі бар. Бұл – ең алдымен жүгері, күнбағыс және соя. Бұл өнімдер қашан да сұранысқа ие және өнімділігі жоғары. Өйткені жылдан жылға агротехникалық бағыт дамып отырады. Өнім сапасы жоғары, себебі күтім жақсы. Тыңайтқыш үнемделмейді мұнда.

Украинада бір литр күнбағыс майының құны шамамен 1 долларды құрайды. Сарапшылар, жыл басында өнім қымбаттауы мүмкін деп болжаған. Алайда тұрақты мұнай бағасы және мол өнім май бағасын ұстап тұр. Дегенмен Украина мұнай өнімдерінің 80%-і шетелден тасымалдайды. Сондықтан отын бағасындағы өзгеріс елдегі азық-түлікке бірден кері әсерін тигізеді.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы