388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанның солтүстік-шығысында жарылыс болды

  • 106
  • UPD: 12:45, 05.11.2019
Үндістанның солтүстік-шығысында жарылыс болды

Кем дегенде 4 полицей мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Қайғылы жағдай Манипур штатының Импхале қаласында болды. India Today басылымының хабарлауынша, сауда орындарының бірінде қолдан жасалған бомба іске қосылған.

Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді. Полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алып, оны ұйымдастырған қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, Манипурда бірнеше сепаратистік топ әрекет етеді, әзірге олардың ешқайсысы бұл акцияға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алмады.

Аударған: Н.Т

Хабар 24 телеарнасы