388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда жүк көлігінің тоңазытқышында отырып шекара аспақ болған 41 мигрант ұсталды

  • 98
  • UPD: 12:10, 05.11.2019
Грекияда жүк көлігінің тоңазытқышында отырып шекара аспақ болған 41 мигрант ұсталды

Грекия полициясы 41 заңсыз мигрантты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жүк көлігінің тоңазытқышына отырып шекара аспақ болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, келімсектердің көбі Ауғанстаннан шыққандар. Тәртіп сақшылары көлікті тексермек болып жолда тоқтатқан болатын. Қазір темір тұлпардың жүргізушісі мен мигранттар полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Айта кетейік, соңғы кездері Грекия арқылы Еуроодақ елдеріне бет алған мигранттардың саны артты. Адам саудалайтын қылмыс түрі де белең алып барады.

Хабар 24 телеарнасы