379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының жаңа спикері сайланды

  • 313
  • UPD: 14:03, 05.11.2019
Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының жаңа спикері сайланды

Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасының жаңа спикері болып Джон Беркоудың орынбасары Линдси Хойл сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лейбористік партияның өкілін төменгі палатаның 325 депутаты қолдаса, оның қарсыласы Крис Брайантты тек 211 депутат жақтап дауыс берді. Осылайша, 62 жастағы Линдси Хойл 7 кандидаттың ішінен озып шықты.

Айта кетейік, қауымдар палатасының бұрынғы спикері Джон Беркоу өз лауазымында 10 жылдан астам уақыт қызмет етті. Ал Хойл қазіргі парламенттің құрамымен 2 күн ғана жұмыс істейді. Себебі, алдағы парламенттік сайлауға байланысты сәрсенбі күні парламент таратылады.

Хабар 24 телеарнасы