420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Volkswagen электрмобильдер жасап шығара бастады

  • 397
  • UPD: 14:28, 05.11.2019
Volkswagen электрмобильдер жасап шығара бастады

Volkswagen компаниясы ID.3 деп аталатын жаңа электрокарын шығаруға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шараға қатысқан канцлер Ангела Меркель елдің автоөндірісіндегі өзгерістерді оң бағалады. Ол осы ретте үкімет электромобильдерді қуаттандыратын станциялардың инфрақұрылымын салуға 3,5 миллиард еуро бөлетінін атап өтті. Ал Volkswagen 2021 жылға дейін осындай 330 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде ID.3 электрокарына әлемде 35 мың адам тапсырыс беріп қойған.

Хабар 24 телеарнасы