384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дұрыс тамақтанбаудың кесірінен өлім жиі болатын елдердің рейтингі түзілді

  • 239
  • UPD: 17:10, 05.11.2019
Дұрыс тамақтанбаудың кесірінен өлім жиі болатын елдердің рейтингі түзілді

Алғашқы ондықты бұрынғы Кеңес Одағының құрамына кірген елдер бастап отыр, деп хабарлайды The Daily Mail басылымы.

Атап айтсақ:

1.Өзбекстан

2.Түрікменстан

3.Қырғызстан

Одан кейін Украина, Молдавия, Әзербайжан, Беларуссия, Тәжікстан және Қазақстан. Көшбасшылардың тізімін Ресей Федерациясы түйіндейді.

Ал Европада ең жоғары көрсеткіш Германияда тіркелген екен.

Керісінше, тамақтану ісіне байыппен қарайтын Испания және Израиль тұрғындары болып шықты.

«Сол себепті де бұл мемлекеттерде жүрек-қан тамыры, семіздік, жоғары қан қысымы сынды ауруларға шалдығу дерегі салыстырмалы түрде төмен», – дейді басылым.

Сарапшылардың мәліметінше, 2016 жылы кәрі құрлықта ас ішу әдебін бұзған 2 млн астам адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы