418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа «Амели» дауылынан зардап шегуде

  • 524
  • UPD: 17:41, 05.11.2019
Еуропа «Амели» дауылынан зардап шегуде

«Амели» дауылы Еуропаның батыс жағалауын қамтып, қатты жел, нөсер мен су тасқыны Италия, Франция және Испанияға жетті.

Табиғи апаттан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады 24tv.ua.

Ауа-райына байланысты мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Сонымен қатар Италияның Лигурия аймағында өзендер арнасынан асып, жолдар толығымен су астында қалған. Құтқарушылар бұзылған үйлерден ондаған отбасын эвакуациялады.

Зардап шеккен аймақтарда мыңдаған үйлер жарықсыз қалды. Францияның өзінде құтқарушылар 140 мың үйдің электр қуатын қалпына келтіруге тырысуда.

Ауа-райына байланысты синоптиктер қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейін жариялады. Олардың айтуынша, француздық Жиронда желдің екпіні сағатына 150 шақырымға жеткен.

Дайындаған: Д.Доспан

 

Хабар 24 телеарнасы