388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтон Париж климат келісімінен шығуды бастады

  • 106
  • UPD: 09:09, 06.11.2019
Вашингтон Париж климат келісімінен шығуды бастады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Климат бойынша Париж келісімшартынан шығуды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вашингтон БҰҰ-на осындай ескерту хат жіберді. Процесс 1 жылға созылып, 2020 жылы президенттік сайлаудан кейін аяқталуы тиіс. Бірақ Трамп додада жеңіліс тапса жаңа президент оның шешімін 30 күннің ішінде кері қайтара алады. Еске сала кетейік, 2015 жылы әлемнің 195 елі Парижде климаттық өзгерістермен күресу туралы келісімге келген. Алайда Трамп билікке келген соң оның АҚШ-қа тиімсіз екенін айтып, шығатынын жариялады. Ал ресми дерекке сүйенсек АҚШ әлемде ауаға парниктік газды ең көп шығаратын екінші ел болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы