384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея климаттың өзгеруіне қарсы күресін күшейтпек

  • 234
  • UPD: 09:10, 06.11.2019
Оңтүстік Корея климаттың өзгеруіне қарсы күресін күшейтпек

Сеул климаттың өзгеруіне қарсы күресуде әлемдегі жетекші қалаға айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Оңтүстік Корея мэрі Пак Вон Сун мәлімдеді. Ол ауаның өзгеруі және ластануына арналған халықаралық форумда сөз сөйледі. Ресми Сеул парниктік газ мөлшерін азайтып, осы мәселе бойынша халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастық орнатып, азаматтарды климаттың өзгеруіне қарсы күреске жұмылдырмақ. Форумға Қытай мен Монғолияның қоршаған ортаны қорғау министрлері қатысты. Қытай мен Оңтүстік Корея университеттері бірлесіп ауаның ластануын болдырмауға арналған зерттеулерін ұсынды. Оңтүстік кореялық компания шығарған қондырғының бірі ауада шаң көп болған күндері қоғамдық орындарда адамдарға бетпердесіз жүруге мүмкіндік береді. Құрылғы жолдар мен саябақтардың жанында орнатылады. Ол ауадағы шаңның мөлшерін елу пайызға азайтады.

Квон Сун Бак, өндіруші компания өкілі:

– Бұл бірінші осындай отандық технология. Сеулдегі шаңды азайту үшін кешенді шешім қажет. Біздің құрылғы – шаңмен күресудің бір тәсілі, ол азаматтарға жайлылықты қамтамасыз етеді. Осы уақытқа дейін бірнеше көшірме Кореяның мемлекеттік сатып алу қызметі ғимаратында орнатылды. Жыл соңына дейін біз бұл жабдықты жаппай енгізуді бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы