426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда орталық базар өртенді

  • 542
  • UPD: 09:57, 06.11.2019
Нигерияда орталық базар өртенді

Нигерияның Лагос қаласындағы орталық базар отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын базардағы сауда орталығының жоғарғы қабаттарынан шыққан. Бірақ өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін өрт ошағына жете алмай жатыр. Оған бес қабатты ғимарат айналасындағы дүңгіршіктер кедергі келтіруде. Әзірге өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Хабар 24 телеарнасы