388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция тұрғындарының пәтер ақы төлемдері қандай?

  • 121
  • UPD: 14:00, 06.11.2019

Париж әлемдегі ең қымбат қаланың бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Францияда баспана жалдауға кез-келген адамның жағдайы келе бермейді. Тіпті үй иелеріне де оңай соқпайтын көрінеді. Мәселен барлық жағдайы жасалған тұрғын үйдің қызмет түрлерін төлеу үшін біраз қалтаң қағылады. Тіпті баспананың тұрған жері де бағаға әсер етеді.

Парижде пәтер иелері 1 шаршы метр үшін орта есеппен 40 еуро, ал айына шамемен 2 мың еуро төлеу керек. Бұл баға Бордо мен  Тулуза қалаларымен салыстырғанда екі есеге қымбат. Париж тұрғыны Ася Кургинянның тұрып жатқан үйін «синдикат» деп аталатын арнайы жалданған компания басқарады. Әрине кез келген шешім мүлік иелерімен алдын ала келісіліп, ғимаратқа қатысты барлық жұмыстарды осы компания атқарып отырады.

Ася Кургинян, Париж тұрғыны:

– Жылына бір рет жиналыс болады. Мысалы егер үйдің шатырына жөндеу жұмыстары қажет болса бірнеше компания мен олардың бағалары ұсынылады. Сосын тұрғындар дауыс беру арқылы нақты шешім қабылдайды.

Графика

Француз синдикаттардың қызметі қазақстандық пәтер иелері кооперативтерінің жұмысынан айырмашылығы бар. Синдикат коммуналдық төлемдерді қабылдап, үй иелерінің пәтерлерін сақтандырады. Сонымен қатар, үйдің тазалығына жауап беріп, ғимаратқа техникалық қызмет көрсету түрімен айналысады. Ал  шығынның бестен бір бөлігі синдикаттың қаламақысына жұмсалады.

Францияда үй иелеріне қатысты заң қатал. Әсіресе Париж тұрғындарына қойылатын талап басқа. Шаһардағы барлық үйлердің сәулеттін сол күйінде сақтап қалу үшін жауапкершілік пәтер иелеріне артылады. Олар әр 10-15 жылда ғимаратқа бір рет жөндеу жұмыстарын жасауға міндетті. Оған әр пәтерден орта есеппен 150 мың еуро кетеді.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев.

Хабар 24 телеарнасы