432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йемен үкіметі Оңтүстік өтпелі кезең кеңесімен келісімге келді

  • 537
  • UPD: 14:04, 06.11.2019
Йемен үкіметі Оңтүстік өтпелі кезең кеңесімен келісімге келді

Йеменде Абд Раббу Мансур Хади үкіметі мен бүлікшіл Оңтүстік өтпелі кезең кеңесі қайта бейбіт келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос тарап құжатқа Сауд Арабиясында қол қойды. Оған сәйкес президент Мансур Хади билігі Аден қаласына қайта оралатын болды. Ал бүлікшілердің қарулы жасақтары үкімет әскеріне қосылады. Осыдан кейін үкімет құрамы жаңартылып, оған бүлікшілер өкілдері енгізілмек. Еске сала кетейік, Оңтүстік өтпелі кезең кеңесі биыл тамыз айында президент Мансур Хади үкіметіне қарсы бас көтеріп, оның соңы қақтығыстарға ұласқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы