388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ – Қытай арасындағы текетірес екі елдегі тауарлар бағасына әсер етті

  • 135
  • UPD: 13:38, 06.11.2019
АҚШ – Қытай арасындағы текетірес екі елдегі тауарлар бағасына әсер етті

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы екі елдің экономикасына көп залалын тигізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ның Сауда және даму бойынша конференциясы осылай деп мәлімдеді. Аталған органның баяндамасына қарағанда текетірестен екіжақты сауда айналымы күрт азайып, тұтынушылар үшін бағалар өскен. Қытай өзінің АҚШ-қа экспортының 25 процентінен айырылып, оның экономикасына биылдың алғашқы жартысында 35 миллиард доллар шығын келген. Айта кетейік, АҚШ пен Қытай сауда соғысы бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Екі мемлекет бір-бірінен импортталатын тауарларға бірнеше мәрте баж салығын енгізді. Текетірес әлем экономикасының дамуын да тежеген. 

Хабар 24 телеарнасы