384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Ұлыбритания Брекситтен кейін еркін сауда келісіміне отыруға мүдделі

  • 222
  • UPD: 14:22, 06.11.2019
АҚШ пен Ұлыбритания Брекситтен кейін еркін сауда келісіміне отыруға мүдделі

АҚШ пен Ұлыбритания брекситтен кейін еркін сауда келісімі арқылы екіжақты қатынасты нығайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы осы мәселені талқылаған. Бұл туралы Ақ үй өкілі Джадд Дир хабарлады. Борис Джонсон президент Трамптан еуропалық көліктерге және британ тауарларына баж салығын енгізбеуді де сұраған. Еске сала кетейік, Ұлыбританияның Еуро одақтан шығу мерзімі 31 қаңтарға шегерілді. Ал желтоқсанның 12-сі күні Біріккен Корольдікте кезектен тыс парламенттік сайлау өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы