388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландтағы қарулы шабуылдың артында радикалдар тұруы мүмкін

  • 126
  • UPD: 17:59, 06.11.2019
Таиландтағы қарулы шабуылдың артында радикалдар тұруы мүмкін

Таиландтың оңтүстігіндегі бақылау-өткізу бекетіне қарулы шабуыл жасалып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми ақпарларға сай құрбандардың бірі – полиция қызметкері, қалғандары көрші ауылдан келген еріктілер болған. Тағы жараланғандар бар. Reuters-тің хабарлауынша, қаскөйлер жарылғыш зат қолданған. Ізіне түспес үшін жолдарға шеге шашып тастаған. Таиланд қорғаныс күштері Яла елді мекеніндегі шабуылдың артында радикалдар тұруы мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы