388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ауаның ластануынан Тәж-Махал кесенесі зардап шекті

  • 113
  • UPD: 18:27, 06.11.2019
Үндістанда ауаның ластануынан Тәж-Махал кесенесі зардап шекті

Атмосфераның ластануынан Үндістанның солтүстігіндегі Тәж-Махал кесенесі зардап шегуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймаққа ағылған туристер сәулетті ғимараттың шаң мен түтіннің арасында көрінбей кеткенін айтады. Әйгілі ғимаратты құтқару үшін Агра қаласының коммуналдық қызметі ауа тазартқыштарды қолдана бастаған. Олар 8 сағаттың ішінде радиусы 300 метр жердегі 1,5 млн текше метр ауаны тазарта алады. Мамандар көне кесененің тозығы жеткенін айтып дабыл қағуда. Мәселен ақ мәрмәрдай кесене сары түске бояла бастаған. «Оған экологиялық апат себеп», - дейді мамандар. Жергілікті билік елде автокөліктердің жүруін екі аптаға шектеп тастады.

Хабар 24 телеарнасы