388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трактор тізгіндеген қырғызстандық әжей бау-бақшадан тонналап өнім жинайды

  • 92
  • UPD: 10:11, 07.11.2019

70 жасында трактор тізгіндеген. Қырғызстандағы Ыстықкөл облысының тұрғыны Сағын Элекеева көліктің тілін тауып, ауылшаруашылық техникасын үйреншікті қимылмен басқарады. 

Трактор жүргізуді Сағын Элекеева зейнетке шыққаннан кейін үйренді. Ұзақ жыл мектепте мұғалім болып шәкірт тәрбиеледі. Бірақ құрметті демалысқа шығатын уақытында өмірін күрт өзгертті. Сөйтіп, ауыр техниканың тілін меңгерген. Ауылдастары оның трактор тізгіндеп жүргенін ерлікке балайды. Нәзік жандылар үшін механизатор болу күш-қуатты талап ететіні сөзсіз.

Сағын Элекеева, механизатор:

-  Бұл жерге су дұрыс жетпейді. Ағаштарды кеуіп қалмау үшін жиі суарып тұру керек. Бұл жасанды отырғызылған ағаштар. Сондықтан оларға көп көңіл бөлінеді. Менің міндетім талдарға су жеткізу. Оларды үнемі ылғалдандырып отыру қажет. Осылайша ауылда мені тракторист әжей деп атап кеткен.

Мына бақтағы жемістер өздігінен өсіп жетілмегені аян. Сағын Элекеева ұлдары ауыл шетінде иесіз жатқан жерді жалға алып, бизнес бастайды. Әу баста екі гектар алқапқа алма ағаштарын еккен. Кейін алғашқы өнім алғаннан кейін, алты гектарға тағы бір бақша салды. Онда өрік пен алмұрт өсіп жатыр.

Сағын Элекеева, механизатор:

- Менің алты ұлым бар. Осы бақтар – отбасылық бизнес. Оған балаларымның бірдей үлесі бар. Қазір бәрі оңай болғанымен бұрын қиын еді. Бірақ еңбегіміз бекерге кетпеген. Алғашқы жылдары өріктің жалпы түсімі төрт тонна болса, қазір – 15 тонна. Ең көп өнім беретіні алма.

Алмалардың барлығы дерлік экспортқа жіберіледі. Ресей мен Қазақстанда Ыстықкөл облысының жемістері үлкен сұранысқа ие.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы