386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ерекше бала дүниеге келді

  • 172
Италияда ерекше бала дүниеге келді

Италияда өте сирек кездесетін ауруы бар нәрестеден ата-анасы бас тартты.

Сәби тікелей күн сәулесі тимей өмір сүруі керек, деп Қазақпарат ВВС-ге сілтеме жасап жазды.

Джованно есімді төрт айлық балаға ихтиоз арлекин генетикалық ауру диагнозы қойылған. «Баланы ата анасы тастап кетті», – дейді аурухана медбикелері. Айта кету керек, бұл ауру миллион адамның біреуінде ғана кездеседі. Адамның терісі құрғақ болғандықтан, қол мен аяқ қозғалысы қолайсыздық туғызады. Сонымен қатар бұл дерт инфекцияларға төтеп беру қабілетін төмендетеді. Аурудың белгілері бала туғаннан кейін алғашқы жылда пайда бола бастайды.

Хабар 24 телеарнасы