388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандағы әйелдер емдік шөп өсіруді табыс көзіне айналдырды

  • 119
  • UPD: 13:32, 07.11.2019
Ирандағы әйелдер емдік шөп өсіруді табыс көзіне айналдырды

Ирандық әйелдер жергілікті ауыл шаруашылығында тың саланы дамытып, фитодәріхана ашып жатыр. Халық арасында оны «атари» деп атайды. Нәзік жандылар дәріге қажетті шөптерді өздері өсіріп, баптап, саудалайды. Мұндай ноу-хау жергілікті биліктің де қолдауына ие. 

Запырангүл - Иран ауылшаруашылығындағы маңызды шикізаттың бірі. Ол әлемде «қызыл алтын» деген атауға ие болған ең қымбат дәмдеуіш болып саналады. Мемлекет запырангүлді өсіру және оны экспортқа шығару бойынша алғашқы орынды иеленеді. Бұл өнімнің 90 проценті осы елде шығарылады. Сондықтан болса керек оны жинау тек әйелдерге сеніп тапсырылады. Оған жыл сайын ондаған мың қыз-келіншек тартылады.

Зейнаб Ансари, фермер:

- Осы өсімдікті өңдейтін өндірістерде де әйелдер жұмыс істейді. Иә, еңбек ауыр. Бірақ запырангүлді тек әйелдер ғана ерекше сезіммен жинап, оның әр талшығын бөле алады. Бұл шыдамдылық пен нәзіктікті қажет ететін жұмыс.

Соңғы жылдары Иранның ауыл шаруашылығы шынымен әйел келбетіне ие болғандай. Елде «атари» – органикалық өнімдер дәріханасы кеңінен тарала бастаған. Әйелдер қажетті өсімдіктерді өздері өсіріп, сатады.

Мехри Таджик, органикалық өнімдер дүкенінің негізін қалаушы:

- Біз өз фермаларында жұмыс жасап жатқан әйелдерге көмектесуге тырысамыз. Мен оларға қажетті өсімдіктерді қалай өсіріп, өңдеу керектігін үйретемін. Содан кейін оларды менің дүкенімде сатуға болады. Жергілікті билік бізді қолдап, қосымша жер бөліп отырады. Себебі бұл мемлекетке де тиімді.

Иранда ел экономикасын дамытуға атсалысып жатқан әйелдердің үлесі 57 процентті құрайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы