384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Суданда су тасқынынан 420 мың адам баспанасыз қалды

  • 185
  • UPD: 14:29, 07.11.2019
Оңтүстік Суданда су тасқынынан 420 мың адам баспанасыз қалды

Оңтүстік Суданда су тасқыны тұрғындарды әбден әбігерге салды. Аймақта бірнеше күн толассыз жауған жауын салдарынан тұрғын үйлер жарамсыз күйге айналды.

Салдарынан 420 мың адам баспанасынан айырылды. Онсыз да қарулы қақтығыстың зардабын шеккен халық енді гуманитарлық дағдарысқа тап болды. Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялады. Табиғат апаты орын алған елді-мекендерде  ауыз су мен азық-түлік тапшы. Сонымен қатар мамандар елде түрлі аурулардың таралу қаупі бар екенін айтып, биліктен көмек сұрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы