418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Борис Джонсон Еуроодақтан қаңтар айында шығуға уәде берді

  • 549
  • UPD: 16:06, 07.11.2019
Борис Джонсон Еуроодақтан қаңтар айында шығуға уәде берді rg.ru

Премьер-министр Борис Джонсон алдағы сайлауда жеңіске жетсе, брекситті қаңтар айында жүзеге асыруға уәде берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбритания үкіметінің басшысы мұндай мәлімдемені Бирмингемдегі сайлау науқаны кезінде жасады. Оның айтуынша, желтоқсан айындағы сайлау елді 3 жыл бойы сергелдеңге түсірген мәселені шешетін сәт. Сондықтан ел дамуын тежеген күрделі мәселені кейінге соза бермеуге шақырды.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда желтоқсан айының 12-сі күні кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді. Осыдан кейін жаңа парламент елдің Еуроодақтан шығу туралы келісімін талқылауды жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы