388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция заңсыз миграциямен күресті күшейтпек

  • 140
  • UPD: 16:08, 07.11.2019
Франция заңсыз миграциямен күресті күшейтпек www.aa.com.tr

Франция билігі елдегі мигранттардың санын азайту үшін жаңа шараларды қолға алатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы п-министр Эдуард Филипп мәлім етті. Үкімет осы мақсатта 20 шара дайындаған. Олар заңсыз миграциямен күресіп, баспанаға ие болу құқығын теріс пайдаланудың жолын кесуге мүмкіндік бермек. Мысалы, елге шетелдік жұмысшыларды әкелуге квота енгізіледі. Алайда оппозиция мигранттардың санын азайту үшін тек еңбек иммиграциясымен күрес жеткіліксіз деп отыр. «Себебі шетелдік жұмысшылар мигранттардың аз бөлігін ғана құрайды», – дейді олар.

Хабар 24 телеарнасы