384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Lufthansa әуекомпаниясы 1300 рейсті тоқтататын болды

  • 211
  • UPD: 20:42, 07.11.2019
Lufthansa әуекомпаниясы 1300 рейсті тоқтататын болды lufthansa.com

Lufthansa неміс әуекомпаниясы ұшқыштар мен бортсеріктердің ереуілдеріне байланысты шамамен 1300 рейсті тоқтатады.

Ереуіл 7 және 8 қарашада екі күнге созылады.

Бұл жағдай 180 мың жолаушыға зиянын тигізбек.

Жолсеріктердің жаппай ереуілі 8 қарашада Франкфурт-на-Майне әуежайының маңындағы әуекомпаниясының бас кеңсесінде өтеді.

Экипаж мүшелері жалақыны жоғарылатуды және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етуде.

Айта кетейік, ереуілдерді қазан айында 4 әуекомпаниясының қызметкерлері бастаған еді. Сол кезде Берлин, Мюнхен, Франкфурт және Дюссельдорф әуежайларында рейстер тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы