388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция заңсыз мигранттарды көшіре бастады

  • 98
Франция заңсыз мигранттарды көшіре бастады

Франция полициясы заңсыз лагерьлердегі мигранттарды көшіре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эвакуациялау операциясына 600 полицей жұмылдырылған. Небәрі бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары 1200-дей босқынды уақытша қоныстарынан шығаруды жоспарлаған.

Белгілі болғандай, олардың басым бөлігі – Сомали, Ауғанстан және Чад елдерінен шыққандар. Қазір полицейлер оларды автобустарға отырғызып, босқындарды қабылдау орталықтарына жеткізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Францияның ішкі істер министрі заңсыз лагерь мәселесін жыл соңына дейін шешеміз деп уәде берген.

Хабар 24 телеарнасы