387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда 15 мигрант мінген жүк көлігі ұсталды

  • 111
  • UPD: 09:23, 08.11.2019
Ұлыбританияда 15 мигрант мінген жүк көлігі ұсталды

Ұлыбританияда босқындар мінген жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы полицейлер 15 мигрант мінген көлікті Уилтшир графтығында қолға түсірген. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. Осы оқиғаға байланысты көлік жүргізушісі қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының мәлімдемесіне сай босқындардың барлығы 16 жастан асқандар.

Айта кетейік, 23 қазанда Эссекс графтығының полицейлері Бельгиядан келген жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесін тапқан еді. Бір аптадан соң тәртіп сақшылары көз жұмған мигранттардың барлығы Вьетнам азаматтары болғанын хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы