388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Дели маңындағы Джамна өзенін көбік басты

  • 127
  • UPD: 09:37, 08.11.2019
Нью-Дели маңындағы Джамна өзенін көбік басты telegraf.com.ua

Нью-Дели тұрғындары Джамна өзенін басқан ақ көбікке алаңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті жұрт оны діни мереке салты бойынша өзенге түсіп, құлшылық етпек болғанда байқаған. Су бетінде қалқып жүрген көбіктер өзенге кәріз суларының құйылуынан деген болжам бар. Десе де, әзірге оның неден пайда болғаны және өзен суы одан қаншалықты ластанғаны белгісіз қалып отыр.

Айта кетейік, апта басында Үндістан астанасын қою тұман басқан еді. Салдарынан жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялап, көлік қатынасына шектеу қойған болатын. Сол кезден бері ауаның ластану деңгейі екі есеге төмендеді.

Жалпы, ауасы ластанған елдердің арасында Үндістан көш басында тұр.

 

Хабар 24 телеарнасы