384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда қандай көліктер сұранысқа ие?

  • 179
  • UPD: 12:30, 08.11.2019

Қырғызстанда автокөлік өндірісі жоқ. Сондықтан елде шетелден әкелінетін көліктерге баж салығы төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерден әкелінген машиналарға салық артады. Осы ретте Ресей мен Қазақстанда шығарылған автомобильдерге сұраныс артады деген болжам бар.

Қырғызстанда қазіргі уақытта 5 мыңнан 7 мың доллар аралығындағы автокөліктер өтімді. Техниканың бағасына шыққан жылы, қозғалтқыш көлемі және елге жеткізу құны тікелей байланысты. Алайда баж салығы өскеннен кейін, Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерден әкелінетін көліктердің бағасы едәуір қымбаттайды.

Жаманак Нусурканов, ҚР Мемлекеттік кеден қызметінің баспасөз хатшысы

Одақтан тыс елдерден әкелінетін автокөліктерге жеңілдетілген баж салықтары қарастырылған. Бірақ 2019 жылдың 31 желтоқсанында оның мерзімі аяқталады. Техника жеткізумен айналысатын азаматтарымызға осыны ескерткіміз келеді.

Жаңа жылдан кейін елдің көптеген тұрғындарының Еуразиялық одақтан тыс елдерде шығарылған автокөліктерді сатып алуға мұршасы жетпейтіні анық. Қырғызстанда өзіндік автокөлік өндірісі жоқ. Ал одақ елдері арасында тек Ресей мен Қазақстанда ғана көлік шығарылады.

Максим Коновченко, автокөліктер сату сайтының редакторы:

- Жаңа жылдан кейін баж салығы өзгеретініне байланысты, Қырғызстан тұрғындарына АҚШ; Еуропа немесе Жапония секілді өзге елдерден машина сатып алу тиімсіз болады. Оларға Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдердің автокөліктеріне ауысуына тура келеді.

Қырғызстанда автокөлік өндірісін дамыту тиімсіз. Индустриалды орталықтардан алыс орналасқан таулы республикада инфрақұрылым жүргізу тым қымбатқа түседі. Сондай-ақ халқы аз болғандықтан, автозауыт салуға кететін шығынның ақталуы екіталай. Енді алыс елдерден әкелінетін автокөліктерді ұнататын тұрғындардың Еуразиялық, яғни Ресей мен Қазақстанда шығарылған техникаға бой үйретуіне тура келеді.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы