387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Еуроодақтан әкелінетін автокөліктерге 25% баж салығын енгізуі мүмкін

  • 115
  • UPD: 11:00, 08.11.2019
Трамп Еуроодақтан әкелінетін автокөліктерге 25% баж салығын енгізуі мүмкін

Германия қазынасына ең көп салық төлейтін сала – автокөлік өндірісі.

Өткен жылы оның сауда айналымы 426 млрд еуродан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бұл салада 800 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сондай-ақ Германия АҚШ-қа ең көп автокөлік экспортайтын ел. Алайда жақын арада бұл жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Келесі аптада Дональд Трамп Еуроодақтан әкелінетін автокөліктерге 25% баж салығын енгізуі мүмкін. Бұл шара Германия автөндірісіне ауыр тиетіні анық. Мюнхендегі экономикалық зерттеулер институтының есебінше, мұндай жағдайда неміс автомобильдерінің экспорты 8%-ке төмендеп, бұл саланың табысы 18 миллиард еуроға азаяды. Компания басшылары саясаткерлер бұл мәселе бойынша екі жаққа да тиімді шешімге келеді деп үміттеніп отыр.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Протекционизмсіз дұрыс реттелген еркін әлемдік нарық болған жағдайда ғана өзгерістерге бейімделе аламыз. Түбегейлі және құрылымдық өзгерістер жүріп жатқан кезде мұның маңызы зор. Германия үкіметі әлемдік нарықтағы әділ ережелер үшін күреседі.

Хабар 24 телеарнасы