384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндияда сирек құбылыс байқалды

  • 210
  • UPD: 11:03, 08.11.2019
Финляндияда сирек құбылыс байқалды

Финляндияның жағажайында жұмыртқа пішінді мыңдаған мұз шарлар пайда болды.

Бұл сирек кездесетін ауа райы құбылысының нәтижесі, деп Қазақпарат ВВС-ге сілтеме жасап жазды.

Фотограф Ристо Маттила Финляндия мен Швейцария арасындағы Ботаникалық шығанақтағы «мұз жұмыртқаларды» суретке түсіріп алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сирек процесс нәтижесінде пайда болған, яғни, кішкентай мұздың көлемі жел мен судың әсерінен ұлғайған.

«Мен жағажайда жұбайыммен қыдырып жүргенде осы мұз шарларды байқадым. Мұз шарлар шамамен 30 метр жерді алып жатыр. Олардың ең кішкентайы жұмыртқа пішіндес болса, ең үлкені футбол добымен бірдей», – деді фотограф ВВС-ге берген сұхбатында.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шарлардың пайда болуы үшін ауа райы суық және желді болуы керек. Яғни, мұз бөлшектерін жел ұшырып, олардың көлемі ұлғайған.

Хабар 24 телеарнасы