388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ердоған: Мигранттар үшін Еуроодаққа жол ашылады

  • 86
  • UPD: 12:15, 08.11.2019

Еуроодақ мигранттар мәселесі бойынша Түркияға қолдау көрсетпесе, Анкара сириялық босқындар үшін кәрі құрлыққа жол ашады.

Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған Будапештте өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Шараға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да қатысты. Естеріңізге салайық, Түркия билігі Сирия шекарасында «қауіпсіз аймақ» құрып, 2 млн-ға жуық сириялық босқынды сол жерге орналастырмақ. Бұған дейін Анкара Еуроодақ елдеріне 3,5 млн мигрантты қабылдауды бірнеше рет ұсынғанмен мәселе шешімін таппаған.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Бұдан былай босқындармен жалғыз өзіміз ғана күреспейміз. Еуроодақ уәдесін толық орындап жатқан жоқ. Десе де, қарулы қақтығыстан бас сауғалап қашқан босқындарға көмек көрсетіп жатырмыз. Алдағы уақытта да оларға қолдау білдіреміз.

Түркия президентінің Будапештке келуіне орай шаһар көшелерінде мыңға жуық тұрғын наразылық акцияға шықты. Ереуілдеушілер қолдарына Ердоғанның суретін ұстап оның саясатына қарсылығын білдірді. Сонымен қатар Анкараның Сирия аумағында ұйымдастырған әскери операциясын қатаң сынға алды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ереуіл тыныш өтті. Зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы