388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майкл Джексонның шұлығы бір миллион долларға сатылмақ

  • 108
  • UPD: 12:12, 08.11.2019
Майкл Джексонның шұлығы бір миллион долларға сатылмақ Media.az

Майкл Джексонның шұлығы Gotta Have Rock and Roll аукционына қойылды, деп хабарлады Daily Mail.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аукцион барысында шұлықтың құны бір миллион долларға дейін артады деп күтілуде.

Оны дизайнер Билл Уиттен тіккен.

Майкл Джексон оны алғаш рет 1983 жылы наурызда Billie Jean әнін орындағанда киіп шыққан.

Джексон кейіннен өз шұлығын менеджері Фрэнк Дилеоға сәтті тур өткізгені үшін сыйға тартқан.

Аукцион 13-22 қараша аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы