388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта наразылық акциясы кезіндегі қақтығыстан 4 адам қаза тапты

  • 82
  • UPD: 14:02, 08.11.2019
Иракта наразылық акциясы кезіндегі қақтығыстан 4 адам қаза тапты

Ирак жұрты қайта ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдеттегідей Басра қаласындағы наразылық акциясы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Одан басқа ондаған адам түрлі жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция наразыларға қарсы қару қолдана бастаған.

Еске салсақ, Ирак халқы жергілікті биліктің әлеуметтік саясатына қарсы. Айтуларынша, елде жұмыссыздық пен жемқорлық белең алған. Білім беру мен денсаулық сақтау салалары да ақсаңдап тұр.

Айта кетейік, өткен айдың басында басталған ереуілдерден 260-тан астам адам қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы