388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның ең ірі халықаралық әуежайында құстармен күрес күшейтілді

  • 85
  • UPD: 15:25, 08.11.2019

Мұнда орнитологиялық қызмет кеңейіп, әуежай аймағындағы биоакустикалық құрылғының саны артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қандай құстан қауіп көп және олармен күрестің ең тиімді әдісі қандай?

Аида Қыдырбай, тілші:

- Мына видеодан кішкентай құстың алып әуе кемесін шығынға ұшыратқанын көруге болады. Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО) таратқан мәліметке сай құс пен кеме соқтығысуы салдарынан көбіне, яғни 40%-інде ұшақтың қозғалтқышы мен қанаты зақымданады. Осындай оқиғаның алдын алу үшін Украина халықаралық әуежайы құстармен күресті күшейтті.

Бұл – стационарлық биоакустикалық құстарды үркіту құрылғысы. Әуежай базасында осы мақсатта газды автомат, пропан зеңбірегі, лазер сынды дыбыстық һәм механикалық құрылығылар да қолданылады.

Александр Шкулетка, ұшақ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орнитологиялық қызмет басшысы:

- Мұнда сегіз, тіпті 16 құстың жантүршігерлік дыбысы жазылған. Осыны естіген өзге құс атаулы үркіп, мына аймақта қауіп бар деп ұшып кетеді.

Әуежайда тал да, шөп те өсірілмейді. Әуежай маңында өзен-көлшіктің де болмағаны дұрыс. Алайда, Украинаның «Борисполь» әуежайынан 2 шақырым қашықтықта заңсыз қоқыс айлағы бар. Соның салдарынан, әуежай жыртқыш құстармен тынбай күресіп келеді.

Александр Шкулетка, Ұшақ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орнитологиялық қызмет басшысы:

- Ұшақ үшін қауіптің төрт түрі бар. Бұл құстың мөлшері мен салмағына байланысты. Егер ұшақ кішкентай құспен соқтығысып, ол құс қозғалтқышқа кіріп кетсе, үлкен проблема болмайды. Егер құс үлкен әрі үлкен жылдамдықтағы кемемен соқтығысса, оның әсері де үлкен болмақ. Мысалы, шағаланың тұрқы орташа, ал дегелек ірі құс саналады.

Әлбетте, әуежайлардың құстармен күресуде тиімді әдісі жоқ. Лазер, газбен үркіту, биоакустика мұның бәрі аздық етеді. Украина әуежайының қызметкерлері мемлекеттен ұшу алаңына таяу маңда қоқыс орындарының болмауын сұраумен келеді. Өйткені әуе кемесінде жүздеген адамның тағдыры тұр.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы