388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияға соңғы жарты жылда 67 мың көлік импортталған

  • 95
  • UPD: 14:49, 08.11.2019
Арменияға соңғы жарты жылда 67 мың көлік импортталған

2020 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта автокөліктердің кедендік рәсімдеуіне қатысты ортақ ережелер енгізілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Арменияда колданыстағы автокөліктерді сатумен айналысатындар жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдаулы. Ал, ресми диллерлер болса, бұл жаңашылдықтың пайдасын көруге үмітті. Кавказ институтының ғылыми қызметкері Грант Микаелянның айтуынша, соңғы жарты жылда Арменияға 67 мың көлік импортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мамандар алдағы уақытта да елге импортталатын көліктердің саны 3 есе артуы мүмкін деп отыр.

Грант Микаелян, Кавказ институтының ғылыми қызметкері:

Ереванның көлік жүйесі бар ағынды басқаруға шамасы келмейді. Демек, бұл сала ауқымды реформаны қажет етеді. Ал, темір тұлпар санын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік жоқ. Келесі жылы автомобиль импорты азайғанмен, бірнеше жылдан кейін ол бұрынғы деңгейіне жетеді. Иран нарығымен бірлесе жұмыс атқара аламыз. Иранда өндіріс, ал бізде сұраныс бар.

Хабар 24 телеарнасы