386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда шахта жарылып, екі адам зардап шекті

  • 126
  • UPD: 16:55, 08.11.2019
Германияда шахта жарылып, екі адам зардап шекті © Reuters/Marvin Gaul

Германиядағы GTS Grube Teutschenthal Sicherungs GmbH шахтасында болған жарылыс салдарынан екі адам жарақат алды, деп хабарлады MDR.

Оқиға кезінде аймақта 38 адам болған, олардың екеуі ауруханаға жеткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жер астында қалған адамдар қамалып қалғандығы таралған болатын. Ол ақпаратқа Geiger Unternehmensgruppe шахтасының операторы «олардың барлығы қауіпсіз жерде» деп түсінік берді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде, жарылыстың себебі анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы