387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Делиді тұмшалаған тұман тарқамай тұр

  • 96
  • UPD: 22:55, 08.11.2019
Нью-Делиді тұмшалаған тұман тарқамай тұр

Үндістан астанасы Нью-Делидегі адам ағзасына қауіпті қою түтін осымен бір апта бойы сейілер емес.

Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялап, көлік қатынасына шектеу қойғанымен, ауаның ластану көрсеткіші әлі де жоғары. Шаһардағы мектептер жабылып, әуежай жұмысы тоқтады. Бұл жағдайға әсіресе шаруалардың егістік алқаптарындағы сабанды өртеуі себеп болғанға ұқсайды. Айта кетейік, жалпы Нью-Дели әлемдегі ауасы ең лас қалалардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы