388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиядағы орман өрті жануарларға қауіп төндіруде

  • 74
Австралиядағы орман өрті жануарларға қауіп төндіруде

Австралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатында орман өрті өршіп, жолындағының бәрін жайпап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Брисбенге қауіп төндіре бастаған тілсіз жаумен қазір өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арпалысуда. Ырық бермей жатқан өртке байланысты аймақтағы тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Жалпы қызыл жалын жануарлар әлеміне де айтарлықтай қауіп төндіріп жатыр екен. Мәселен, өрт кесірінен Лейк Иннес қорығындағы коалалардың жартысы өліпті. Ал құтқарылғандарына арнайы аурухана ветеринарлары күтім жасауда.

Хабар 24 телеарнасы