388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда су тасқынынан бір адам қаза тапты

  • 82
  • UPD: 11:53, 09.11.2019
Ұлыбританияда су тасқынынан бір адам қаза тапты

Ұлыбританияның орталығы мен солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасып, көптеген елді мекенді су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған үй қирап, бірқатар тас және темір жол су астында қалған. Табиғат апатынан 1 әйел қайтыс болды. Шеффилд қаласында өрт сөндірушілер су басқан аудандардан 100-ге жуық тұрғынды қайықпен құтқарып алды. Донкастер қаласында Дон өзенінің деңгейі рекордтық деңгейге дейін көтерілген. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар бүгін Солтүстік Ирландияның шығысында да жауын жауатынын ескертіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы