388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияның бұрынғы президенті бостандыққа шықты

  • 87
  • UPD: 15:12, 09.11.2019
Бразилияның бұрынғы президенті бостандыққа шықты

Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силва түрмеден босап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезінде сыбайлас жемқорлықа байланысты қамалған экс-президент абақтыда 19 ай болған. Түзету орынынан шыққан Лула да Силва халық алдында сөз сөйлеп, өзін қолдаушыларға алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Лула да Силва 2003-2011 жылдары Бразилияны басқарған болатын. Бірақ 2017 жылы оған сыбайлас жемқорлыққа барды деген айып тағылып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, ал 1 жылдан кейін мерзім 12 жылға ұзартылып, экс-президенттің жазасы тек биыл сәуір айында ғана 8 жылға қысқартылды.

Хабар 24 телеарнасы