384,67 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия конституциялық комитеті қайта бас қосатын болды

  • 116
Сирия конституциялық комитеті қайта бас қосатын болды

Сирия конституциялық комитеті Женевада 2 аптадан кейін қайта бас қосатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен мәлім етті. Шешім комитеттің 30 қазан күні басталған бірінші кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды. Онда үкімет пен оппозиция өкілдері диалогты жалғастыруға келіскен.

Айта кетейік, Сирия конституциялық комитетінің құрамы үкімет, оппозиция және азаматтық қоғам өкілдерінен құралған.

Хабар 24 телеарнасы