411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль зілзалаға дайындық шараларын пысықтап жатыр

  • 406
  • UPD: 18:41, 09.11.2019

Сейсмологтардың болжамынша, елде жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін.

Осыған байланысты өкімет дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израильдің қазіргі қаупі зілзаладан емес. Палестинамен арадағы кикілжің олардың қорқынышын басқа арнаға бұрып жіберген. Үрей сол жақтан еседі. Табиғи апаттан Таяу Шығыстағы болуы мүмкін лаңкестік әрекеттер ел зәресін алып тұр. Ал ғалымдар болса, дабыл қағудан жалығар емес.

«Сирия мен Африка арасындағы жер қыртысының жарығы қайта белсенділік танытып келеді», - дейді олар. Күш алып, бәрін қиратып салмаса да, күн ара жел сілкінісі тіркеледі. Тарихтан белгілі, соңғы рет адам шығынын әкелген зілзала 1927 жылы болған. Ғалымдар топшылауында мұндай жойқын жер сілкінісі шамамен жүз жылда қайталанады. Сондықтан елде сақтық шарасына толық мән беріледі.

Михаил Лобовиков, құтқару қызметінің офицері, архитектор:

Арнайы жаттығулар өткізетін өзге де қызметтер бар. Ең алдымен бұл өрт сөндірушілер. Ірі муниципалитеттер мен сейсмикалық жағынан қауіпті аймақтарда қалалық құтқару топтары бар. Муниципалитеттер қызметкерлерінен тұратын бұл топтарды тыл қызметі дайындайды.

Бірақ басты мәселе тұрғын үйлерге қатысты. Олардың жартысы сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сай емес. Жаңа үйлерде бомбапаналар бар. Олар ғимараттың сейсмикалық беріктігін нығайта түседі. Алайда әлгі бекініс 1991 жылдан кейін салынған үйлерде бар. Ескі ғимараттарға қатысты түрлі бағдарламалар қабылданған болатын, бірақ қаражат тапшылығынан олардың көбі жүзеге аспады. Әсіресе, Хайфа қаласы мен оның төңірегіне үлкен қауіп төніп тұр. Жоғары балды жер сілкінісі әуелі сол қалаға қауіп төндіреді.

Михаил Лобовиков, құтқару қызметінің офицері, архитектор:

- Ескі үйлерді бекіту міндеті тұр. Мұны екі жолмен шешуге болады. Көне үйлерге қауіпсіздік бөлмелерін қосып, ал ғимараттың өзін бетон құрылымдарымен күшейтуге керек. Немесе ескі үйді бұзып, оның орнына жаңасын салу. Мұндай жобалар бүкіл ел аумағында қолға алынған, бірақ бұл істі тездету керек. Қазір үкіметтік комиссия осы мәселені қарастырып жатыр.

Маман болжамына сүйенсек, жойқын зілзала болған жағдайда алғашқы минуттарында 10 мыңдай адам қаза табуы мүмкін. Ал түнгі уақытты жер сілкінсе, құрбандар саны екі есе артады. Салыстырып көрсек, ел тарихындағы болған бүкіл соғыстар мен лаңкестік әрекеттерден шамамен 20 мың адам опат болған.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы