427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA айға ұшуға арналған соңғы зымыран қозғалтқышын орнатты

  • 581
  • UPD: 22:58, 09.11.2019
NASA айға ұшуға арналған соңғы зымыран қозғалтқышын орнатты Twitter

SLS аса ауыр зымыран тасығыштың бірінші сатысында соңғы, төртінші, қозғалтқыш RS-25 орнатылған.

Бұл туралы АҚШ-тың Аэроғарыш және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма басшысы Джим Брайденстайн Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«SLS зымыранының бірінші сатысының биіктігі 212 фут (65 метр), барлық жағынан төрт байланыстырушысы бар RS-25-пен қосылған. NASA «Аполлон« кемесіне арналған Saturn V тасығышын салған сәттен бастап бұл ең ірі қозғалтқышқа айналды», - делінген хабарламада.

Тағы бір айта кетерлігі, «Orion» атты басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру 2024 жылға жоспарланып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы