384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына дайындық жұмыстары басталды

  • 208
  • UPD: 14:59, 10.11.2019
Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына дайындық жұмыстары басталды

Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның 75 жылдығына дайындық басталып кетті. Мерейтойға орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем келешегін құрудағы халықаралық ынтымақтастықтың ролін талқылау үшін ғаламдық пікірталас ұйымдастыруға шақырды.

Оған әлемнің барлық халқының қатысуын сұрады. Диалог арқылы БҰҰ 2045 жылға дейінгі ғаламның болашағын анықтауды көздеп отыр. Бұл идеяға халықаралық үкіметтік емес ұйымдар да қосылуда. Олардың кейбірі БҰҰ-ны дамытудағы Қазақстанның ролін ерекше айтады.  

Таос Досал, «Ғаламдық серіктестік форумы» үкіметтік емес ұйымының өкілі:

- Қазақстанға әлемде маңызды бастамаларды жүзеге асырып жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Сіздің ел мұндай істерді әрдайым өзге мемлекеттермен ынтымақтасып жүзеге асырып келеді. Әсіресе Қазақстанның ядролық қарусыздану саласында көшбасшы мемлекет екенін атап өту қажет.

Хабар 24 телеарнасы