384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МАГАТЭ Иранның уран байыту нысанын тексереді

  • 153
  • UPD: 09:06, 10.11.2019

Тегеран ядролық келісім бойынша Фордодағы уранды байыту нысанын зерттеу орталығына айналдырудан бас тартты.

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік мәлімдеді. Ұйым өкілдеріның айтуынша, Тегеран батыс елдері ядролық келісімді орындамаса Аракадағы ауыр сутектік реакторды да өзгертуден бас тартпақ ойда. Бүгін Халықаралық агенттіктің сарапшылары Фордодағы нысанға барып, ондағы байытылған уранның нұсқаларын тексеретін болады.

Еске сала кетейік, Иран осы ядролық нысанда уранды байыту үшін жаңа 30 центрифуганы іске қосатынын хабарлады. Тегеран 2015 жылғы ядролық келісім бойынша алған міндеттерді қысқартудың төртінші кезеңін бастады.

Хабар 24 телеарнасы