384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладешке «Бюльбюль» дауылы таяп қалды

  • 186
  • UPD: 12:39, 10.11.2019
Бангладешке «Бюльбюль» дауылы таяп қалды

Бангладешке «Бюльбюль» дауылы жақындап,100 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Жағалауға жақын орналасқан аудандарда дүлей желден қорғану шаралары жүргізіліп жатыр. Ол Монгла, Читтагонг порттарымен бірге әлемдегі ең үлкен мангр орманы орналасқан Сундарбан аймағын да басып өтеді деген болжам бар. Қазір алапат дауыл мұхитта сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соғып жатыр.

Айта кетейік, Бангладеште дауыл жиі тұрады. Соңғы жылдары билік дүлей желдерге дайындықты күшейту арқылы адам шығынын едәуір азайтуға қол жеткізген.

Хабар 24 телеарнасы