377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда әскерилер халықтың толқуын басудан бас тартты

  • 258
  • UPD: 13:49, 10.11.2019
Боливияда әскерилер халықтың толқуын басудан бас тартты

Боливия әскерилері халықтың президентке қарсы наразылық шерулерін басудан бас тартты. Әскердің ішкі саяси істерге араласпайтыны туралы Қарулы күштердің қолбасшысы Уильямс Калиман мәлімдеді.

Бірақ әскерилер биліктен жағдайды ушықтырмауды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, Боливияда наразылық шерулері қазанның 20-сы күні президенттік сайлаудан кейін басталды. Оған конституциялық соттың президент Эво Моралестің жеңіске жеткендігі туралы шешімі себеп болды. Оппозиция бұған наразылық білдіріп, қақтығыстар басталды. Соңғы мәліметке сәйкес, 3 адам қаза тауып, 380 адам жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы