384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода су тасқынынан 30 мың адам баспанасыз қалды

  • 185
  • UPD: 13:49, 10.11.2019
Конгода су тасқынынан 30 мың адам баспанасыз қалды

Конго Демократиялық Республикасында өткен айдан бері жалғасып келе жатқан нөсер мен су тасқынынан 30 мың адам баспанасыз қалды.

Олардың арасында мыңдаған бала бар. Тұрғындар шатырларда күнелтуге мәжбүр. Табиғат апатынан жапа шеккендерге ауызсу, дәрі-дәрмек және азық-түлік жетіспеуде. Жергілікті халықаралық ұйым өкілдері осындай апатты жағдайға қарамастан мемлекет тарапынан көмек көрсетілмей жатқанын айтады. Нөсерден Убанга өзені бірнеше рет арнасынан асып, елді мекендерді қайта-қайта су басып жатыр. Жергілікті тұрғындар мұндай су тасқыны елде соңғы 5 жылда алғаш рет болып тұрғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы